Жаңа қаулы: Ashyq жобасына қатысатын нысандар саны көбейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq мобильдік қосымшасын енгізу туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1. Құжатта барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын іске асырылатыны айтылған.

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;

2) спа орталықтар;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) банкет залдарын, асхана типі бойынша объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;

9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10) бильярд клубтары;

11) концерт залдары;

12) ерікті қатысушылар;

13) караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);

14) банкет залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);

15) көрмелер;

16) океанариум;

17) марафондар;

18) көрермендермен спорттық іс-шаралар.

«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі қаулымен бірге жарияланған қосымшада көрсетілген. Ол бойынша:

1. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер осы қосымшаға 1-схемаға сәйкес InfoKazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.

2. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер осы қосымшаға 2-схемаға сәйкес салалық қауымдастық арқылы беріледі.

3. Өтінім беруден бастап тізімді әкімдіктің сайтында орналастыруға дейінгі барлық процесс күнтізбелік 9 күннен аспауы тиіс.

4. «Ashyq» жобасына қатысудан бас тартуға мыналар:

1) объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі;

2) қайта басталмаған қызмет түрі;

3) рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қызметтің басталғаны туралы хабарлама) болмауы негіз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар