Жаңа қаулы: Алматыда қоғамдық көлік демалыс күндері қалай жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин туралы жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес қоғамдық көлікке демалыс күндері штаттық режимде жүруге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 3 сәуірден бастап қоғамдық көлік демалыс күндері 06:00 мен 23:00 аралығында үздіксіз қызмет көрсететін болады»,- деп хабарлады «Almaty Avtobustary» компаниясы.

Құжатқа сәйкес, сауда орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.

Жұмыс күндері азық-түлік сатылмайтын жабық базарлардың да қызметіне рұқсат берілді.

Ашық базарлар, сондай-ақ азық-түлік сатылатын жабық базарлардың қызметіне жұмыс күндері мен сенбіде рұқсат етіледі.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтіні Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.


Соңғы жаңалықтар