Жаңа қаулы: Алматыда «Ashyk» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс уақыты белгіленбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда «Ashyk» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyk» жобасына қатысатын объектілер үшін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері м.а. 27 қаңтардағы №7 қаулысына сәйкес, келушілер мәртебелері бейтарап (көк) немесе қауіпсіз (жасыл) болған жағдайда, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес; «жасыл» аймақта (төмен эпидемиологиялық қауіп) - шектеусіз қызмет, «сары» (орташа эпидемиологиялық қауіп) және «қызыл» (жоғары эпидемиологиялық қауіп) аймақтарында – объектілердің толтырылуына шектеулер қойыла отырып жүзеге асады.

Мектеппке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініштері бойынша, 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптар), мектептен тыс ұйымдарда штаттық режимде оқыту форматына рұқсат беріледі.

Колледждер мен жоғары оқу орындарында - аралас форматта, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика икемді - кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн форматта, білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

КВИ науқастарымен байланыста болған адамдарға ревакцинацияның немесе Covid-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған жағдайда, үй карантиніне оқшауланбайды.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінін осы жерден оқи аласыздар.


Соңғы жаңалықтар