Жаңа қаулы: Ақтөбеде халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдегенімен, көпшілік жиналатын орындарда, қоғамдық көлік ішінде маска тағу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде карантин жеңілдеді. Енді көпшілік жиналатын орындарда арақашықтықты сақтау тәртібі міндетті емес. Сонымен бірге мектептерге кіру кезінде дене қызуын өлшеу ережесі алынды.

«Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, бетперде режимін, арақашықтықты сақтау және дене қызуын өлшеу тәртібін жүргізуге қатысты шешімді білім беру ұйымдарының әкімшілері қабылдайды. Денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талап бар. Қызметкерлер мен науқастардың бәрі маска тағып жүруі міндетті. Жүкті әйелдер, балалар ем қабылдайтын ауруханаларда, перзентханаларда мамандандырылған бөлімше ұйымдастырылуы керек. Егер ЖРВИ белгілері анықталса, бірден оқшаулау керек», - деп жазылған Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің қаулысында. https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/documents/details/286640?lang=kk


Соңғы жаңалықтар