Жаңа қаулы: Ақмола облысының білім беру ұйымдарында қандай шектеулер алынып тасталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» №17 қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы қаулыға сәйкес, облыс «жасыл» немесе «сары» аймақта болған кезде барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымда-рында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометриямен тексеру) жойылады.

«Сондай-ақ «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін», - делінген қаулыда.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде барлық меншік нысанындағы және ведомстволыққа тиесілі білім беру ұйымдарында «Ashyq» қосымшасын міндетті пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар