+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жаңа Қаулы: Ақмола облысында қандай нысандардың жұмысына тыйым салынды

2021 жылғы 31 шілде 17:20
Бөлісіңіз:
Жаңа Қаулы: Ақмола облысында қандай нысандардың жұмысына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы «сары» аймаққа өтті дегенмен босаңсуға әлі ерте - дәрігер Алматыда коронавирус жұқтырған 119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Елімізде коронавируспен ауырған 636 адамның жағдайы ауыр

Жаңа құжатта қоғамдық тамақтану орындарында, үйде және ашық ауада банкет, мерейтой, үйлену той, ас беру секілді көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Саябақтарға, алаңдарға және өзге де демалыс орындарында бір топта 3 адамнан артық болмауы қажет, бұл ретте бір отбасы мүшелеріне бірге жүруге рұқсат берілген.

Қаулыға сәйкес қызметі уақытша тоқтатылатын нысандар:

Облысаралық, облысішілік, тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымал қозғалысы, автобустар қызметі;

Жабық жағажай және акварк қызметі;

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, балалар ойын-сауық орталықтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары, батуттар, аттракциондар;

Саябақ пен алаңдардағы барлық аттракцион мен балаларға арналған электр машиналарын жалға беру қызметі;

Бильярд, боулинг, караоке, компьютерлік клубтар және банкет залдары;

Мәдени нысандар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония;

Көрермендердің қатысуымен өтетін спорттық іс-шаралар;


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT