Жаңа кәсіпорындарды тіркеу рәсімі оңайлатылады - заң жобасы

None
None
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп,

онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде «Кәсіпорындардың ашылуы» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын арттыру мақсатында әзірленген. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстан «Doing Business» рейтингісінде «Кәсіпорындардың ашылуы» индикаторы бойынша 78 орында тұр. Қазақстанның рейтингіндегі ұстанымына ықпал ететін факторлардың бірі бизнесті бастау үшін қажетті рәсімдер мен жұмсалатын уақыттың мөлшері болып табылатындығын ескерсек, жаңа кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін одан әрі оңайлату қажеттігі туындап отыр.

 Сондықтан да, заң жобасымен,  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарға түзетулер енгізу ұсынылған. Бұдан басқа, жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғаларды қолдаудың тағы бір шарасы жарғылық капиталдың төменгі мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 10 АЕК-ке дейін азайту болып табылады.

Үкіметтің заң жобасы бойынша ұсынған түсіндірмесінде осындай шараларды қабылдау тұтас алғанда Қазақстанда шағын бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызатындығы атап өтілген.

Соңғы жаңалықтар