+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Жаңа iPhone шыққан соң Apple-дың нарықтағы құны тағы да 1 трлн доллардан асты

2019 жылғы 12 қыркүйек 13:08
Бөлісіңіз:
Жаңа iPhone шыққан соң Apple-дың нарықтағы құны тағы да 1 трлн доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні 11-ші буынның iPhone-ын таныстырғаннан кейін Apple-дің нарықтағы құны 1 триллион доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат cnbc.com-ға сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні биржа саудалары жабылардың алдында Apple акцияларының құны 2% өсіп, 223,59 долларға жетті.

Apple бұл межеге былтыр тамыз айында да жеткен болатын. Бірақ Қытайда Apple өнімдері ойдағыдай сатылмауына байланысты, желтоқсан-қаңтар айларында акцияларының құны азайған әрі Apple миллиондаған акциясын өзі сатып алған.

Айта кетейік, Apple нарықтағы құны 1 триллион доллардан асатын әлемдегі жалғыз технологиялық компания емес. Microsoft корпорациясының да нарықтағы құны 1,04 триллион долларға бағаланады.

Сейсенбі күні Apple iPhone, Apple Watch және iPad-тың жаңа модельдері таныстырылды, сондай-ақ iPhone 11-дің бағасы бастапқы құн ретінде 50 долларға азайтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT