Жаңа идеялар мен серпінді жобалар еркін қоғамда ғана жүзеге асады - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа идеялар мен серпінді жобалар еркін және үйлесімді қоғамда ғана жүзеге асады. Мұндай пікірді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа идеялар мен серпінді жобалар тек еркін және үйлесімді қоғамда ғана жүзеге асатынына сенімдімін. Сондықтан да елімізді ауқымды жаңғырту аясында біз Әділетті Қазақстан – барлығы үшін теңдей мүмкіндіктер мемлекетін құруға ниеттіміз», - деді Мемлекет басшысы «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Оның айтуынша, ақпараттық өркениеттің дамуы нәтижесінде цифрлық көшпенділер сияқты құбылыс пайда болған.

«Қазіргі диджитал-номадтар жаһандық кибер және физикалық кеңістікті белсенді игеріп, жаңа өнімдер мен нарықтарды құрып жатыр. Бүгінгі форумдағы нәтижелі пікір алмасу аймақтың цифрлы болашағының бағдарын айқындауға, Еуразия кеңістігінде жаңа серпінді бастамаларды жүзеге асырудың негізін қалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.







Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар