Жаңа Гвинеяда жанартау атқылап, 6 елді мекенді күл басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жанартаудың атқылауы Папуаның солтүстік-шығыс жағалауы - Жаңа Гвинеядағы Манам аралында басталды. Бұл жайлы жұма күні австралиялық АВС телерадиокорпорациясы хабарлады.

Жанартаудың жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:00 сағатта атқылады, салдарынан алты елді мекенді күл басып қалған. Папуа - Жаңа Гвинея премьер-министрі Джеймс Марапе зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін ұлттық армияны тартуға шешім қабылдады. Алайда Манам аралы шалғайда орналасқандықтан, ондағы тұрғындарға көрсетілетін көмек сәл кешігіп жетуі мүмкін. Онда барлығы 9 мың адам тұрады.

Жаңа Британия аралындағы сәрсенбі күнгі Улавун жанартауының атқылауынан кейін таяу маңдағы елді мекендерден 15 мың адам эвакуацияланды. Жанартау ошағының батысында орналасқан Хоскинс әуежайы жабылды және табиғи апат болған аумақ арқылы өтетін әуе байланысы тоқтатылды. Атқылау салдарынан аспанға көтерілген күл 18 километрге дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар