+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

«Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясының тұсауы кесілді

2019 жылғы 20 желтоқсан 22:30
Бөлісіңіз:
«Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясының тұсауы кесілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Жастар жылы аясында қаламынан жыр төгілген жас ақындардың «Жаңа ғасыр әуендері» атты жинағының тұсау кесер рәсімі өтті. Жинақтың тұсауын Ерлан Айтаханов салтанатты түрде ашып, белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева жастарға өзінің арнауын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады Мұхтар Мағауин 80 жасқа толды Серік Әбілұлы, кәсіби диктор: Абайдан бастап қазақ классиктерінің аудиокітабын шығарғым келеді

Жаңа туындыда қаладағы 12 жас ақынның қоғам, рухани жаңғыру, таным, сүйіспеншілік, патриотизм және тағы басқа тақырыптағы өлеңдері басылған. Жинақ тұлғаны жан-жақты дамытып, рухани қалыптастыруға бағытталған. Қала әкімі осы туындыға өлеңдері шыққан шығармашыл жастарға шығарма арқылы қоғамда Ұлы құндылықтар қалыптастырып, өркендету жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Қашан да қоғамның ең өткір де өзекті мәселелері мен ішкі болмысты өлеңмен жеткізіп, қазақ поэзиясын одан әрі дамытуға үлес қосуларына тілек білдірді.

«Бұл жинақ оқырмандардың қызығушылығын тудырып, болашағын қалыптастыруға зор мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді қала әкімі Ерлан Айтаханов.

Салтанатты шарада «Шам» жас ақындар клубының мүшелері авторлық өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, шара соңында жергілікті ақындар жыр төгіп, жаңа әуендер әуеледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әдебиет, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT