Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек - сарапшы пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек. Бұл сауалға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері жаңа басқарушы элиталарға қажетті мінезге ие болуы тиіс. Яғни, олар бейтривиальды жауапты таңдау барысында диалогқа қабілетті әрі дайын болуы, командада, түрлі бағыттағы сарапшылармен ынтымақтастықта жұмыс істей білуі қажет. Мұнан бөлек, олардың мәдениеті өте жоғары, отаншыл болғандары да жөн», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның пайымынша, жаңа басқарушылар білімнің түрлі салаларының майталман мамандары болулары қажет. Ал бұл олардың бір ғана маман иесі болмауы керектігін білдіреді.

«Жаңа басқарушылар өңірлік және жергілікті деңгейде ғана емес сонымен қатар басқару, стратегия, ақпараттарды, қаржылар мен адам ресурстарын басқару қызметтерінде, құрылымдық басқаруда олардың ерекшеліктерін ескеріп отыру керек. Жаңа формация басшылары - олар стратегиялық тұрғыда кеңінен ойлай білетін, көзақарсы жан-жақты, елдің негізгі бағдарламалық құжаттарының мазмұны мен мән-мағынасын лайықты деңгейде түсінетін, батыл әрі стандарттан тыс идеяларды ұсына алатын қызметшілер», - деді Алуа Жолдыбалина.

Айта кетейік, кеше Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру мәселесіне тоқталған облатын.

«Сапа» - мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру - оның басты қағидаты болуы тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуы керек. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі», - деп атап өткен еді Елбасы.

Фото: kisi.kz

Соңғы жаңалықтар