Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне меморгандарды қосу мәселесі қарастырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқапарт - Қанатқақты жобаға енген меморгандардағы қызметкерлердің жалақысы жобаға енбеген органдардағы қызметкерлердің жалақысынан әлде қайда жоғары.   Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын орындау мақсатында 2018 жылдың басынан бастап 4 мемлекеттік органда қанатқақты режімде жаңа еңбекақы төлеу жүйесі сынақтан өтуде. Олардың қатарына Агенттік, Әділет министрлігі, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктері кіреді. Демек, жоғарыда аталған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақылары қанатқақты жобаға енбеген органдардағы қызметкерлердің жалақысынан әлде қайда жоғары», - делінген ведомство мәліметінде.

Жаңа еңбекақы төлеу жүйесінің оң тәжірибесін ескере отырып, алдағы уақытта бұл жүйеге басқа да мемлекеттік органдарды қосу мәселесі қарастырылуда.

 «Аталған жұмыс Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылатын болады», - деп нақтылады Агенттік өкілдері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар