Жаңа экологиялық кодекс аясында 10 млн қазақстандық газдың игілігін көреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа экологиялық кодекс аясында 10 млн қазақстандық газдың игілігін көре алады. Бұл туралы ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауқымды энергетикалық өзгерістерге дайындалу үшін біз жаңа экологиялық кодекс қабылдадық. Ол озық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Кәсіпорындарды экологиялық төлемдерден толық босату есебінен өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік берілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптығы» атты халықаралық конференцияда.

Сондай-ақ, Президент бүгінге дейін ел астанасын газға жалғау жобасы балама қуат көзін тұтынатын азаматтардың санын арттырғанын атады.

«Біз парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық жүйесін қайта құрып, оны тиісті халықаралық жүйелермен үйлестіріп жатырмыз. Газ көмірге қарағанда «жасыл» балама отын болып отыр. Елде ауқымды газдандыру жүргізілді. Бүгінде біздің 10 миллионға жуық азаматтарымыз сенімді және экологиялық таза отынға қол жеткізе алады. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды сяиқты ірі қалаларда біз жылу электр станцияларын көмірден газға көшіру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз», - деп түйіндеді Президент.


Соңғы жаңалықтар