Жаңа экипажы бар «Союз ТМА-20М» кемесі ХҒС-пен түйісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Союз ТМА-20М» басқарылатын кеме жаңа экспедицияның экипажымен Халықаралық ғарыш стансасына келіп түйісті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне «Роскосмостың» баспасөз қызметінен хабарлады.

«Түйісу штаттық режимде, есептелген уақытта өтті», - деп хабарлады мемлекеттік бірлестіктен.

«Союз ТМА-М» топтамасындағы соңғысы болатын бұл ғарыш кемесімен ХҒС-қа ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка, сондай-ақ NASA астронавты Джеффри Уильямс келіп жетті.

Овчинин үшін бұл мансабындағы бірінші ұшу болса, Скрипочка үшін - екінші болды, ал Уильямс ғарышқа төртінші рет аттанып отыр.

Түйісуден кейін бірнеше сағат өткен соң «Союз» бен ХҒС үшін өтпелі люктар ашылуы тиіс. Бұдан кейін жаңа экипаж оларды стансада күтіп отырған әріптестері - ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко, америкалық Тимоти Копра және британдық астронавт Тимоти Пикпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар