Жаңа азаматтық процессуалдық кодекс тиімділігін көрсетті - Қыдырбаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда кәсіпкерлік қызметті жақсарту үшін азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. 

Жиынға ҚР Жоғарғы сотының судьялары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

«Елімізде бизнес пен кәсіпкерлікті қолдап, дамытуға мемлекет тарапынан жан-жақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осы тұста инвесторлар мен кәсіпкердің құқығын қорғайтын тиімді механизм экономиканың тұрақты даумына негіз болмақ», - деді Жоғарғы соттың мамандандырылған алқа төрағасы Айгүл Қыдырбаева. 

Оның айтуынша, бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жасалған сараптама жеке инвестициялық сот өндірісінің нәтижелі жұмыс атқарғанын көрсетіп отыр.

«2016 жылдан бастап қолданысқа енген жаңа азаматтық процессуалдық кодекс тиімділігін көрсетті. Аталған кодекстің қолданысқа енгеніне көп болмаса да соттардың жұмысына оң әсер еткені көрінді. Егер бұрынғы жүйе бойынша жеке санаттағы азаматтық іс 1,5 жыл қаралатын болса, қазір ең ұзарғанында, 8 айда аяқталады. Соның ішінде, азаматтық істердің 82 пайызы бір сот отырысында қарастырылса, 10 пайызы екі сот отырысында,  59 пайызы жеңілдетілген түрде, сотқа шақыртусыз шешіледі», - деді ол.

 

Жиында ҚР Жоғарғы соты жанындағы ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті басшысының орынбасары Н. Молдабеков биылғы жылдан бастап «Сот актілерінің банкі» пилоттық жобасы іске қосылғанын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар