Жаңа әлеуметтік кодекс: зейнетақы жүйесінде не өзгереді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс берушілерден қосымша зейнетақы жарнасы аударылады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердін сөзінше, қазіргі жүйе зейнеткерлердің 3 ұрпағын қамтитын болады. Құжат базалық зейнетақының мөлшерін арттыруды көздейді.

«Өзгерістерде 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнетке шыққан зейнеткерлер зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін мемлекеттен, ал болашақ зейнеткерлер жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алады», - деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар ол кодекс нормалары инвесторларға өз активтерін басқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегін емдеуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Салымшылар алынғаннан кейін қалған зейнетақы жинақтарының немесе барлық жинақталған соманың 50%-дан аспайтын бөлігін жеке басқаруға бере алады. Бұл ретте зейнетақы жинағының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын жинақтардың бөлігіне ғана қолданылатынын атап өткен жөн», - деп толықтырды Назгүл Сағындықова.

Айтуынша, инвесторлар басқарушы компанияларды таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді өздері бағалауы керек.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Үкімет Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдаған болатын.


Соңғы жаңалықтар