Жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде зейнетақы мөлшерін ұлғайту қарастырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа әлеуметтік кодекстің жобасы зейнетақы мөлшері мен базалық зейнетақы көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Дәмежан Садуақасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жүйе зейнеткерлердің 3 буынын қамтиды. Атап айтқанда, 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнетке шыққан зейнеткерлер негізгі төлемді мемлекеттен, ал болашақ зейнеткерлер жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алады. Енді зейнеткерлер үшін базалық зейнетақы төлемін тағайындау және ортақ зейнетақыны есептеу параметрлері өзгеретін болады. Бұл зейнетақы мөлшерін ұлғайту үшін жасалады. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер қосымша зейнетақы төлемдері мен жарналарды енгізуді жоспарлап отыр», - деді Дәмежан Сәдуақасова.

Оның айтуынша, кодекске енгізілетін өзгерістер негізінде салымшылардың зейнетақы активтерін басқару құқығын кеңейту қарастырылған. Енді азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан бөлігін тек ем алуға және үй сатып алуға жұмсайды.


Соңғы жаңалықтар