Жаңа ақпараттық жүйе субсидия алушыларды қағазбастылықтан босатады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында шаруаларға арналған ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін» әзірлеп жатыр. Оның негізгі функционалы субсидия алушылардың тізбесін автоматты түрде қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәкестігін тексеру, субсидия алушылардың қарымта міндеттерін тіркеп, ол міндеттердің орындалу дәрежесін анықтау, субсидия алу мен шағымдар парағын күтуде кезектің сақталуын қамтамасыз ету», - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа ақпараттық жйенің қолданыстағы «Qoldau» жүйесінен айырмалығы болады. Нақты айтсақ, бүкіл мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған жүйе шаруалар үшін тегін болады.

«Жүйедегі әрекеттің бәрі автоманттадырылады. Бұл субсидияны үлестіруде және беруде жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайтады. Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің арқасында мемлекеттік органдар шаруалардан субсидия рәсімдеу үшін қандай да бір анықтамалар сұрамайтын болады. Өйткені жүйе бүкіл мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграцияланады», - деп жазады Премьер-Министр.

Айтуынша, аталған шаралар фермерлерді жыл сайынғы абонент төлемі мен қосымша құжаттар жинаудан босатады.

«Қазіргі таңда Ақмола обылсында пилоттық жоба іске асып жатыр. Жалпы бұл мәселе ұдайы Үкіметтің назарында және тиісті шаралар қабылданып жатыр», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар