«Жан жылуы» қайырымдылық шарасында ақтөбеліктер 1 млн. теңге жинады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Атамекен» мейрамханасында Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастырған «Жан жылуы» атты бесінші қайырымдылық балы өтті.
Әлеуметтік жобаны қолдап, ақтөбелік жарымжан жандарға көмектесуге қаланың мейірімді тұрғындары, бір мыңға жуық адам келіп, қайырымдылық мақсаттарға шамамен 1 млн. теңге жинады.
Веналық вальсты ұйымдастыруға сондай-ақ қаланың талантты жастары қатысты - медициналық колледждің студенттері француз вальсін, әскери институттың курсанттары қазақ вальсін, медициналық университеттің белсенділері полонез және полька билерін дайындады. Сондай-ақ кеш барысында «Әлия гүлі» қазақ халық биінің ансамблі, «Арай» би ансамблі өнер көрсетті. Олар билерді бірнеше ай бойы үйреніп, дайындалып жүрді.
Билеттерді сатудан түскен ақша бөлінді: Ақтөбенің сал болған азаматтардың қоғамына, зағиптар мен есту қабілетінен айырылған адамдар қоғамына 300 мың теңгеден жіберілді. Қалған 100 мың теңге медициналық ЖОО-ның «Сұңқар» спорттық клубының жетекшісі Дмитрий Абрамовқа оның мүгедек баласын емдеу үшін табысталды.
Алғашқы қайырымдылық бал 2009 жылы медициналық университеттің бастамасымен ұйымдастарылды.
- Ақтөбеде карантин талабын сақтамағандарға 177 млн теңге айыппұл салынды
- ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды
- Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
-
Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді
-
Коронавирус өңірлерде өршіп тұр: Әкімдер ахуалды қалай тұрақтандырмақ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам