Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегінің датасы жарияланды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Top Rank промоутерлік компаниясының төрағасы Боб Арум ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен америкалық Джаред Андерсон (14-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек 1 шілдеде Толедода (Огайо штаты, АҚШ) өтетінін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпара Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Джаред Андерсон – Толедоның мақтанышы және біз Top Rank пен ESPN-ді «Шыны қалаға» әкелгенімізге қуаныштымыз. Джаред кәсіпқой боксшы болғаннан бері біз Толедоны жекпе-жек өткізетін орын ретінде белгілегенбіз. Ол қазір супер ауыр салмақтағы ең мықты жас боксшы және «нағыз үлкен баланы» үйге әкелетін уақыт келді. Жан Кособуцкий – өзінше қатыгез панчер. Мен Хантингтон орталығындағы шулы жекпе-жекті асыға күтемін», - деді Боб Арум.


Соңғы жаңалықтар