Жан Кособуцкий WBC титулы бар 43 жастағы америкалықпен жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 қазанда Германияның Дюссельдорф қаласында кәсіби бокс кеші өтеді. Онда қазақстандық ауыр салмақтағы нокаутшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) де өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша 31 жастағы Жанның қарсыласы 43 жастағы америкалық Стив Вукос (12-1, 4 КО). Екі боксшы Кособуцкийге тиесілі ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағына таласады.

Айта кетейік, Вукос WBC (UNSBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы белбеуіне ие, алайда BoxRec-тегі жекпе-жек профилінде бұл атақ көрсетілмеген.

Бұған дейін Кособуцкийдің командасы басқа америкалық боксшы, 30 жастағы Джеймс Маккензи Моррисонмен (17-0-2, 15 КО) келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Қазақстандықтың бұған дейінгі жекпе-жегі 4 тамызда Минскіде (Беларусь) өтіп, оныншы раундта поляк Камил Соколовскийді (9-19-2, 3 КО) нокаутқа түсірген еді.


Соңғы жаңалықтар