Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBC титулын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суперауыр салмақтағы қазақстандағы боксшы Жан Кособуцкий доминикандық спортшы Алексис Гарсияны жеңді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшылар жекпе-жегі Германияның Гамбург қаласында өткен. Ол 10 раундтан тұруы тиіс болса да, ұзаққа созылған жоқ. Айқастың төртінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберсе, бесіншісінде техникалық нокаутқа түсірді.

WBA International белдігінің иесі Кособуцкий жекпе-жектің бас жүлдесі - WBC International Silver титулын да жеңіп алды.

Бұл – қазақстандық боксшының 2021 жылдағы үшінші жекпе-жегі және кәсіпқой бокстағы 17-ші, мерзімінен бұрынғы 16-шы жеңісі. Гарсия болса, спорттық мансабында қол жеткізген 11 жеңісінен кейін алғаш рет жеңіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар