Жан-Клод Ван Дамм алматылықтарға бизнес жүргізудің қыр-сырын үйрететін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Голливуд актері Жан-Клод Ван Дамм және өзге де белгілі тұлғалар Алматыда 13-14 қарашада өтетін Global Business Forum 2015 халықаралық инновациялық саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін ұйымдастырушылар баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Ең алғаш рет Орталық Азияда ауқымды бизнес форум өтеді. Мұнда мыңнан аса делегат келеді деп күтіліп отыр.

Саммит спикерлері Forbes Woman журналының президенті Мойра Форбс, Ferrari компаниясының Солтүстік Америкадағы бас директоры Жан Луидж Лонджинотти-Буитони, Forex Club компаниялар тобының негізін қалаушы Вячеслав Таран бизнесті қалай дөңгелетудің қыр-сырын түсіндіреді.

«Ван Дамм - ірі кәсіпкер. Оның денсаулық пен әсемдік саласында үлкен бизнесі бар әрі әлемнің бірқатар елдерінде өкілдігі ашылған. Ол- актерлік карьерада да, бизнесте де жолы болған адам. Ferrari директоры компанияның сатылымын 80 пайызға арттырған адам. 5 мыңнан аса бизнесмен әйелден интервью алған Мойра Форбс келеді. Ол сәттілік әкелетін психологияны әбден меңгерген», - деді Global Business Forum президенті Әсел Сыдықова.

Соңғы жаңалықтар