Жәмила Бақбергенова Poddubny Wrestling League күрес лигасы турнирінде жеңіске жетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова Poddubny Wrestling League күрес лигасы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәмила 75 кг-ға дейінгі салмақта ресейлік Ксения Буракованы тізе бүктірді, есеп – 6:5.

Poddubny Wrestling League / Поддубныйдың күрес лигасы – әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіби балуандар лигасы. Танымал жарыста 72 кг салмақта Қазақстан намысын әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова, 86 кг салмақта Азия чемпионы, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азамат Дәулетбеков пен 79 кг салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев қорғайды.

Турнирде әлемдік және қазақстандық ең мықты деген палуандардың 21 белдесуі өтеді.

Соңғы жаңалықтар