Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков әлем кубогына шақырту алды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін және әйелдер күресінен әлем кубогында әлем құрамасы сапына шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем кубогы биылғы жылдың 10-11 желтоқсанында АҚШ-та өткізіледі.

Оған әлем чемпионаты рейтингі бойынша алғашқы бестікте тұрған құрамалар қатысады. Олардың қатарына жұлдыздар жинақталған алтыншы құрама қосылады.

Бұл шешім Біріккен күрес қауымдастығы арқылы қабылданады. Жарысқа қатысушылар кубокқа жолдамадан тыс қалған құрамалар сапындағы балуандар арасынан іріктеледі.

Әлем кубогының жүлде қоры 100 000 Швейцария франкін құрайды. Бірінші орын алған құрамаға оның 70%-ына қол жеткізеді.

Екінші орын алғаны - 20%, үшінші орындағысы - 10%-ына қол жеткізеді.

Айта кетсек, әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде алды.

Жәмила Бақбергенова 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Ересектер арасында 2021 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ол Азия чемпионатында 2020, 2022 жылдарда чемпион атанса, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола алды.

Ал еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол созды.

Азамат Дәулетбеков 1994 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Бұған дейін Азия чемпионатында 2022 жылы алтын алса, 2018 жылы күміс, 2017 жылы қола жүлде алды.

Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар