Жамбылдың үздік жастары «Әулиеата үміті-2020» сыйлығына ие болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының сан түрлі салада үздік деп танылған жастары «Әулиеата үміті –2020» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баласағұн» концерт залының ғимаратында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім мен ғылым, өнер мен кәсіпкерлік, мәдениет пен әдебиеттің келешегі жолында өз үлестерін қосып, жетістікке жетіп жүрген жалынды жастармен жүздесті.

«Әулиеата үміті-2020» облыстық жастар сыйлығы өңір өрендерінің азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, білім, ғылым, өнер, мәдени, шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әртүрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Шараға арнайы қатысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ел сенімін арқалаған жігерлі жастарға келелі кеңесін айтып, бағындырар белестер мен алар асуларды айшықтап атап өтті. Өз кезегінде жастар да облыс әкіміне көкейдегі сауалдарын жолдап, жауаптар ала алды. Ұтымды ұсыныстарымен бөлісті.

Еркін, емен-жарқын жүздесу барысында барысында «Әулиеата үміті-2020» облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапатталды. Атап айтсақ, комиссия шешімі бойынша «Үздік жас ғалым» номинациясын А.Жаманқұл, «Үздік жас мұғалім» номинациясын М.Рахметқұлқызы, «Үздік жас медицина маманы» номинациясын Е.Төлебеков, «Үздік жас спортшы» номинациясын Е.Кәрібай, «Музыка (Үздік жас әнші немесе Үздік жас музыкант)» номинациясын А.Есекеева, «Театр және кино саласының үздік жас актері» номинациясын З.Асан, «Үздік жас жазба ақын» номинациясын Н.Қадірәлі, «Үздік жас айтыскер ақын» номинациясын Д.Апбасов, «Үздік жас баспа журналист» номинациясын Л.Нұрматова, «Үздік жас тележурналист» номинациясын Ш.Дәкен, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясын Д.Құлыбай, «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясын А.Махамбетова, «Қоғамдық қызметтегі үздік жас» номинациясын Н.Қарабаев, «Үздік жұмысшы жас» номинациясын А.Абделі, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын Б.Кабдуллин, «Үздік жас волонтер» номинациясын Б.Балғабай, «Үздік жас меценат» номинациясын А.Олжабай иеленді. Жеңімпаздарға арнайы статуэтка, диплом және ақшалай сыйақыны (150 мың теңге) өз саласының майталмандары табыстады.


Соңғы жаңалықтар