Жамбылдықтар балкондарына 5 мыңнан астам Қазақстан туын ілді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында тұрғындар 5 мыңнан астам туды үй балкондарына ілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Жамбыл облысының тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына белсенді қолдау білдірді. Аймақ тұрғындары туған жерге деген патриоттық сезімдерін білдіре отырып, тұрғын үйлердің балкондарына 5 мыңнан астам мемлекеттік Туды ілді.

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мәліметінше, аталған акцияға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар да ерекше атсалысқан. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандарда автошерулер, флешмобтар және Мемлекеттік Туды қолдана отырып, түрлі патриоттық шаралар ұйымдастырылған.

Жамбылдықтар барша ел тұрғындарын мерейлі мерекемен әлеуметтік желі арқылы да құттықтауда. Олар Мемлекеттік Туға байланысты суреттер, бейнероликтер және естеліктерін #МеніңТуымМеніңОтаным! #МойФлагМояРодина! #Біздіңортақмереке #Нашобщийпраздник хештегтерімен жариялап, өз лебіздерін жеткізуде.


Соңғы жаңалықтар