+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

2019 жылғы 16 қыркүйек 20:40
Бөлісіңіз:
Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді.

Ұқсас жаңалықтар
Араб шейхтарының аңшылығынан түскен қаражат экологияға жұмсалады – Дәурен Абаев Министрлік Өскеменнің лас ауасын сынаған биші жігітке жауап берді Қауіпті қалдықты өңдейтін компаниялар арнайы лицензиямен ғана жұмыс істей алады

Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты Жамбыл облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Зерде» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Қыстаубай Сағынтаевтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен министрлікке қарасты мекемелер қолдап, барынша белсенді түрде атсалысқан.

«Бүгін біз әріптестерімізбен Сейфуллин-Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан аллеяны тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп атап өтті директор.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша тазалық акцясына 861 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 12 тонна қоқыс шығарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT