+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбылдық  жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа көлікпен толықты

2020 жылғы 6 тамыз 17:47
Бөлісіңіз:
Жамбылдық  жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа көлікпен толықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа автокөлікпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы COVID-19-бен күресте басқа өңірлермен тәжірибе бөлісіп жатыр Алматы әкімі жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялады Қазақстанда коронавирустан 37 бала емделуде

Жамбылдық дәрігерлер мен пациенттер үшін мұндай маңызды тартуды Kaspi.kz компаниясы жасады.

Сыйға берілген көліктер – отандық өндіріс. Оларды «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарын ескере отырып, Chevrolet Damas моделі негізінде әзірлеген.


Көліктер облыс орталығы мен аудандардағы жедел медициналық жәрдем станцияларына таратылады.

- Осындай қиын кезеңде біздің дәрігерлерімізге қолдау білдірген демеушілерге үлкен алғысымызды білдіргім келеді. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркін толықтыру бригаданың науқасқа жету уақытын қысқартуға, жедел медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Хамит Мырзақасымов.

Станцияның фельдшерлері жаңа жедел жәрдем көліктерін кәсіби тұрғыдан жоғары бағалады.

- Көлік жедел жәрдем бригадасына қажетті барлық заттармен жабдықталған. Жиынтыққа жеңіл зембілдер, пульсоксиметр, портативті ӨЖЖ аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф енген. Кейде біз үлкен көлікпен шағын аудандардағы үйлерге кіре алмаймыз. Ал, бұл көлікпен жету оңайырақ, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Вероника Моисеева.


Айта кетейік, облыста барлығы 139 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Жаңа көліктер бригада санын 149-ға арттыруға ықпал етіп отыр.

Хамит Мырзақасымов аймақта жаңа бригадалар құру үшін мамандардың да жеткілікті екендігіне сендірді. Сондай-ақ ол жақында осындай демеушілердің арқасында өңірге тағы 18 көлік келетіндігін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT