Жамбылдық жастар дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» табыстады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Республикалық «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында Тараз қаласында орналасқан №1 Тараз қалалық балалар ауруханасының дәрігерлеріне «Алғыс пакеттері» табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырған шара барысында 100 алғыс пакеті ұйымдастырылды. Алғыс пакеттеріне имунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. Сонымен қатар, «Дәмді себет - Вкусная корзина» дүкендер желісінің демеушілігімен 2 тонна су емделушілер мен дәрігерлерге берілді.

«Қиын кезеңде қалтарыста қалуға болмайды. Үй бетін көрмей, отбасынан жырақта жүрген жандар өзге өмірді өлімнен арашалап жүр. Осы ерлік ойымызда. Естен шығармауымыз керек. Әрине, «бұл - олардың міндеті, таңдаған мамандығы» деп айтуыңыз да мүмкін. Алайда алғыс айтуға тұратын денсаулық сақшыларының мүлтіксіз міндеті мен қызметіне қарыздармыз. Басын бәйгегеге байлап жүрген жандардың да жанын жадыратып, бір сәтке болса да көңілін ауладық. Еңбегі г ерен екенін еске салып, алғыс айттық»,-дейді партияның облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев.

Айта кетейік, бүгінде Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағынауданында орналасқан медициналық мекемеде 200-ге жуық науқас провизорлық стационарда емделіп жатыр. Аталмыш акция Тараз қаласындағы 4 ауруханада және аудандарда жалғасады деп күтілуде. Ол туралы «Jas Otan» ЖҚ ОФ төрағасы Уәлихан Болатбек тілге тиек етті.

«Жалпы, қаламызда 5 ауруханада вирус жұқтырған тұрғындар жатыр. Солардың барлығына және көмек көрсетіп жатқан дәрігерлерге алғыс акциясын ұйымдастырамыз. Бұл акция аудандарда да жалғасын табады. Келесі аптада кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен 50 оттегімен тыныс алу аппаратын табыстаймыз»,-деді ол.




Соңғы жаңалықтар