Жамбылдық жас отбасында егіздерден кейін үшем дүниеге келді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны Айна Түменбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Көптен күткен үшем Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында дүние есігін ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдің үшінші жүктілігіндегі ұлдар 34 апта, бес күн болғанда өмірге келген. Сәбилердің біріншісінің салмағы - 2400 грамм болса, екіншісінің салмағы - 2300 грамм, ал үшіншісі - 1800 грамм болып туған. Айна бұған дейін егіз ұл мен қыз босанған екен.

«Шала туған нәрестелер бірден қарқынды терапияны қажет етті. Бір күн бойы реанимация бөлімінде жатты. Келесі күні олар анасының қасында болу үшін неонатология бөліміне ауыстырылды», - деді перинатология бөлімінің меңгерушісі, неонатолог Талғат Толықбаев.

Ата-аналары ұлдарына Айсұлтан, Жансұлтан және Бексұлтан есімдерін беріпті. 32 жастағы Айна Түменбаева - балабақшада тәрбиеші, оның 34 жастағы күйеуі Азиз Байкеев зауытта слесарь болып жұмыс істейді. Жас үйелмен алты жасар үлкен ұлы мен 4,5 жастағы егіз ұл мен қызды өсіріп отыр.

Бүгінде жас отбасы пәтер жалдап тұрады.


«УДЗ әуелден-ақ үшемді көрсетті, сондықтан біз мұндай тосынсыйға дайын болдық. Өте қуаныштымыз»,-дейді Айна.

Бүгінде үшемнің өмірге келгеніне үш аптаға жуықтаған. Қазір олар салмақ жинап, денсаулығы жақсарған.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы басшысының акушерлік жөніндегі орынбасары Шолпан Жапарқұлованың айтуынша, 2020 жылдың 8 айында перинаталогияда 5084 сәби дүниеге келсе, оның 139-ы - егіз және үшеуі - үшемдер.


Соңғы жаңалықтар