Жамбылдық ұстаздардың жалақысы қанша болады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылында педагогтар жалақысын төлеу жүйесі қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысындағы ұстаздардың 60 пайызынан астамы жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы курстан өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшкен 16 363 жамбылдық ұстаздың (66,3%) жалақысы 30 пайызға көбейді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш өсіп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 2 мыңнан астам педагогтың еңбекақысы біліктілігіне қарай 30-50 пайызға артады. Өткен оқу жылында өңірдегі үш тілді білім беру бағдарламасына көшкен 185 мектепте биология, химия, физика және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, мектепке дейінгі мекемелерде 6330 педагог еңбек етіп жүр. Оның 4 мыңнан астамы – тәрбиешілер.

«Арнайы жоғары, техникалық және кәсіби мектепке дейінгі білімі бар ұстаздар саны соңғы екі жылда 14,3 пайызға артып, 45,5 пайызға жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап тәрбиешілердің жалақысы орта есеппен 20% көбейді (65 900 теңгеден 79 800 теңгеге дейін). Еңбек өтілі бар тәрбиеші көмекшісінің айлығы 36% өседі (41 127 теңгеден 55 922 теңгеге)», - дейді Рахия Тұрмаханбетова.

Соңғы жаңалықтар