Жамбылдық тұтынушыларға жылу үшін 30 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының тұтынушыларына жылу үшін 30 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша, жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұтынушыларға қайтаруға жататын сома Жамбыл облысы бойынша 30 594 330 теңге (ҚҚС есебімен) болды, оның ішінде «Таразэнергоорталық» АҚ-ы 22 995 573,60 теңгені, «Жамбыл-Жылу» КМК – 3 318 389,44 теңгені, «Жаңатас-Су-Жылу» МКК – 1 525 520,43 теңгені, «Игілік» КМК – 945 915,22 теңгені, «Шу-Жылу» КМК – 1 380 055,87 теңгені, «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық ШЖК» КМК – 18 162,69 теңгені, «Құлан-Энерго-Жылу» КМК – 296 913,13 теңгені, «София» ЖШС – 113 800,18 теңгені қайтарады», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бұл тұтынушының тұрғын үй алаңына байланысты «қайта есептеу» деген сөзді көрсете отырып, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 2021-2022 жылдарға арналған есеп айырысу кезінде төлем құжатында көрсетіледі.

2020 - 2021 жылдармен салыстырғанда, сыртқы температураның жоғары болуы нәтижесінде қайта есептеу сомасы 43 108 930 теңге болған.

Сонымен қатар, барлық тұтынушылардың жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшу барысында, тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді және тиісінше қайта есептеуді жүргізу қажеттілік етпейтінін атап көрсету қажет.


Соңғы жаңалықтар