Жамбылдық тұрғын жарты келіден астам героинмен ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер героин сатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын сатқан 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінен жалпы салмағы 570 грамм героин есірткісі тәркіленді.

Ол 2016 жылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін сотты болған. Күдікті азамат кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297–бабы 3-бөлігі «Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баппен мүлкін тәркілеу, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді облыстық полиция департаменті бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.


Соңғы жаңалықтар