Жамбылдық тұрғын өзіне оқ атқандарды көлікпен қуған: 1 адам мерт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ер адам өзіне оқ атқандардың артынан көлікпен қуып, жол апатын жасады. Бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 маусым күні кешке Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдар олардың фазендасына келіп, біреуі ағасына оқ атқаны туралы айтқан.

Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында олардың бірі фазенда иесіне тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталған.

«Жарақат алған ер адам оларды өз көлігімен қуған, соқтығысу барысында екінші көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмып, жолаушысы жарақаттанған. Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды»,-делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталғанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар