Жамбылдық сатып алған көлігі үшін 49 келі есірткімен есеп айырыспақ болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Жамбыл облысының тұрғыны салмағы 49 келіге жуық есірткі заты - марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, күдікті ағымдағы жылдың 9 наурызында Ақкөл қаласынан шыға берісте «Астана-Бурабай» тасжолының бойында арнайы операция барысында ұсталды. Арнайы шараны ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Бурабай және Ақкөл аудандық ІІБ қызметкерлері бірлесіп өткізуде.

«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 31 жастағы тұрғыны өзінің «Ford Escape» автокөлігінде есірткі затын сату барысында ұсталды. Тексеру кезінде сол маңнан ішінен полиэтилен пакеттеріне оралған 10 бума есірткі заты бар сөмке табылды. Сараптама нәтижесіне сай, тәркіленген зат 48 келі 867 грамм марихуана екені анықталды.

Полицейлер анықтағандай, күдікті сатып алған көлігінің ақысын марихуанамен өтемек болған.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау абақтысына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар