Жамбылдық полицейлер кірпіш цехына ұрлыққа түскендерді ұстады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ұрлық қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шу ауданының 31 жастағы тұрғыны 14 қаңтар күні полицияға шағымданған. Ол цехына әлдекімдердің жасырын түрде кіріп, кірпіш құятын 20 қалыпты, 2 мотор мен 80 кірпіш шаршысын ұрлап кеткен айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 5 млн теңгеден астам.

Полиция осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 42 және 20 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар үшінші адам іздестіріліп жатыр. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктілердің ұрланған заттарды бірден металл сынықтарын қабылдау пунктіне 50 мың теңгеге өткізгені анықталды.

Айта кетсек, мұндай қылмыс үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар