Жамбылдық полицейлер иммундық плазма доноры болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазма доноры болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық қан орталығында Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов пен тергеу және анықтау басқармаларының қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазма тапсырды.

Айта кетейік, иммундық плазма COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеудің тиімді құралы ретінде танылған болатын.

Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдардың плазмасында осы ауруды тезірек жеңуге көмектесетін антидене бар, оны құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет пайда болады.

Плазманы тек коронавируспен ауырғандар ғана емес, вакцина алғандар да тапсыра алады.

Індет басталғалы екі жыл бойы жамбылдық полицейлер COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын отыздан астам науқасқа көмектесу үшін Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының қан базасын толықтыра отырып, қан тапсыруда.

«Біз бүгін әріптестерімізбен бірге барлық қажетті талдауларды алдын ала тапсырып, донор болдық, бұл індеттің кезінде барлығымыз бірлесіп, оның таралуына жол бермеуіміз қажет», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов.


Соңғы жаңалықтар