Жамбылдық полицейлер халықты «жолда» қабылдады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша азаматтарға консультациялық және құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласы тұрғындарының сұрақтарына Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов пен Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мәмбет Смайылов жауап берді. Акцияға қатысушылар сауда орталықтары мен ірі дүкендерде Халықпен диалогты байланыстырып, өткізілетін іс-шарамен тұрғындарды кеңінен қамтуды қамтамасыз етті.

«№4 «Салтанат» шағынауданындағы №22 үйдің ауласында қабылдау акциясы өтті. Осындай іс-шаралар «Жайлау» шағынауданында, «Барысхан» тұрғын алабында, Төле би көшесіндегі бірнеше үйлердің аулаларында өтті. Азаматтар негізінен қалта ұрлығымен күрес, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, көшенің апаттық-қауіпті бөліктерінде қосымша белгілер орнату сияқты аспектілерге белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ, шаһардағы шағын аудандардағы түнгі шуға, көше жарығының жетіспеушілігіне шағымданды»,- дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы.


Аталған іс-шараларды өткізудің бірінші күні полиция қызметінің өкілдеріне 1300-ге жуық адам өтініш білдірді, олардың көпшілігі өз сұрақтарын бірден шешілуіне қол жеткізді. Қалған өтініштерге қатысты мәселелерді құқыққорғау органдары жергілікті атқарушы органдарға беру арқылы көмек көрсетпек.




Соңғы жаңалықтар