Жамбылдық полицейлер ең мықты мергендердің қатарынан көрінді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Астанадағы «Майлан» атты далалық оқу-жаттығу орталығында тапаншадан оқ ату тәжірибесі бойынша өткен Қазақстан чемпионатында үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Республиканың барлық өңірлерінен келген арнайы бөлімшелердің 130-дан астам қызметкерлері «стандарт», «продакшн», «классик» нұсқалары бойынша үздіктерді анықтаған болатын.

«Жамбылдықтар классикалық үлгі бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Мұнда қарсылас 7 команда болды. Біздің мергендер оларға көптің арасынан ерекшеленіп шығуға ешқандай мүмкіндік бермеді және жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды жеңіп алды»,-деді өңірлік құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметі.

Тараздан келген классикалық үлгі мергендері жекелеген есеп бойынша да мықтылардың қатарында болды. Осы жолы оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Ардақ Шоңғаров пен оның әріптесі Еркін Жаңабековке тең келер адам болмады. Жамбылдық команданың өзге де мергендері үздік нәтиже көрсетіп, «классик» үлгісі бойынша үздік 10-қа енді.

«Енді жамбылдықтар қараша айының басында Жамбыл облысында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу алаңында Қарулы Күштер мен арнайы бөлімше сарбаздары арасында қарудың үш түрі бойынша (тапанша, автомат, жалпақ ұңғылы қарудан) өтетін жарыстарға дайындалуда»,-деді Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар