Жамбылдық полицейлер алғашқы көмек көрсетуді үйренуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенше дейін алғашқы көмек көрсетуді үйренді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері Ғ.Байтасов атындағы полигонда апта сайын полиция қызметкерлері үшін алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмекті көрсету бойынша тәжірибелік және дәріс сабақтарын өткізуде. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Полицейлер оқиға орынына алғашқылардың бірі болып барады. Жол көлік оқиғасы, техногендік апаттар және террористік әрекеттер немесе халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмекті көрсету қажет болатыны белгілі. Дәрістер осы мақсатта ұйымдастырылуда»,-делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар