Жамбылдық полицейлер 15 интернет-алаяғын әшкереледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алаяқтық қылмысы 10,9 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылы алаяқтық қылмысы бойынша 204 факт тіркелген десек, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 229-ды құраған.

Талдау көрсеткендей, негізінен алаяқтық интернетті қолданушыларға қатысты жасалады. Қазіргі таңда облыс тергеушілерінің өндірісінде осы санаттағы 31 қылмыстық іс бар. Қабылданған шаралар бойынша 15 интернет-алаяғы әшкере болды. Оның жетеуі — басқа өңірлердің тұрғындары.

«Тараз қаласының тұрғынына қатысты көп эпизодты қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталды. Нақтырақ айтар болсақ 2018-2019 жылдар аралығында ол автомашиналарын сатушыларды өз «құрбандарына» айналдырып отырған. «Колеса» веб-сайты арқылы сатуға қойылған автокөліктерді тауып, оларды бөліп-бөліп сатып алуға келіседі. Сатушының сеніміне кіріп, ол бар ақшаны екі-үш ай ішінде бөліп төлейтінін айтып, алдын ала тиісті қаражатты төлегендігі туралы қолхат жаздырып алып отырған. Ол өзінің шарттық міндеттемелерін орындамайтынын алдын ала білген және қолхаттарды қылмыстық жауапкершіліктен қашу әдісі ретінде пайдаланған. Алайда бұл әдіс алаяққа көмектескен жоқ, оның заңға қарсы әрекеттерін облыстық ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Тараз қалалық тергеу изоляторында жатыр», - дейді ПД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Мадимаров.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары жағдайында алаяқтық қаупі туралы ескертіп, сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар