Жамбылдық педагогтарға бос орындар жәрмеңкесінде 278 жұмыс орны ұсынылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Білім қызметкерлері жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Таразда бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бос орындар жәрмеңкесіне педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледжердің жұмыс іздеп жүрген 400-ге жуық түлегі қатысты. Олар колледжерде, мектептер мен балабақшаларда 278 бос орын ұсынған білім мекемелерінің 78 өкілімен кездесті.

Айта кету керек, соңғы бірнеше жылдың ішінде Жамбыл облысының білім мекемелерінде бастауыш сынып, орыс тілі және әдебиеті, химия, физика, математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары жетіспейді. Кадрлық жетіспеушілік әсіресе орыс тілді білім беретін мектептер мен алыстағы елді мекендердегі шағын мектептерде сезіледі. Мойынқұм, Қордай, Шу, Талас аудандарының мектептерінде кадрға деген зәрілк өте зор.

«Бүгінде көпшілікті педагогикалық кадрлардың кәсібилігі мен дайындығының деңгейі мазалайды. Білім сапасы тікелей соларға байланысты. Кез келген жұмыс беруші қызметкерінің еңбек өтілінің болғанын қалар еді. Алайда студенттердің әзірге ондай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар үшін «Еңбек» мемлекеттік бағларламасы қарастырылған», - деді Тараз қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Төлегенов.

Бүгін қала және облыс аудандары әкімдеріне жамбылдық мектептердің түлектерімен оларды педагогикалық мамандықтарға тарту бойынша жұмысты күшейтуге кеңес берілді. Жаңа білім стандартының талаптарына сәйкес облыс мектептерін педагогикалық кадрлармен қамту және дайындау бойынша 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленіп жатыр.

Алдағы үш жылда Жамбылдың білім саласында қосымша 1200 мұғалім қажет болады деп күтіледі.


Авторы: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар