Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 423.56
RUB 5.55 CNY 54.06
Jańalyqtar

Жамбылдық өнерпаздар Астананың 20 жылдығына орай елордада гала-концерт қойды

2018 жылғы 13 шілде 22:07 1549
Бөлісіңіз:
Жамбылдық өнерпаздар Астананың 20 жылдығына орай елордада гала-концерт қойды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласының 20 жылдығына орай Жамбыл облысының мәдениет күндері аясында «Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!» атты мерекелік гала-концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық прокатка қазақстандық банк қызметкері жайлы фильм шыққалы жатыр 2018 жылдың үздік фильмі анықталды

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен құттықтауға Жамбыл облысынан 200-ге жуық өнерпаз келді. Олар облыстың мәдениет күндері аясында Астана тұрғындарына арнап мерекелік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік концертте бас дирижер Адай Жұмат, «100 жаңа есімнің» жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей бастаған Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, Қайрат Болысбектің жетекшілігіндегі «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Назима Үсенова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Омаров, Торғын Орынбаева, Ғани Мәтебаев, Әсел Уашева, Бахром Муминов, Қайсар Көкішов, Динара Диханбаева және т.б. дәстүрлі, эстрада әншілері өнер көрсетті.

Жамбылдық өнерпаздар Астананың 20 жылдығына орай елордада гала-концерт қойды

Шара барысында бірнеше ән мен күйдің тұсауы кесілді. Сондай-ақ қонақтардың назарына сахналанған көрініс ұсынылды.

«Астана - күллі қазақстандықтардың мақтанышы, егемендігіміздің келбеті мен айғағы. Сондықтан, еліміздің жарқын болашағы елордадан басталады. Бас шаһар тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде биіктікпен көркеюге қол жеткізіп, жас мемлекеттің арманын шындыққа айналдырды. Елбасы Н.Назарбаевтың парасатты саясатының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Астана Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды. Жамбыл облысының атынан Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, мерекелік шашуымызды тарту етеміз!», -деді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастығы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Гала концерт соңында көрермендер арасында «Тараздан тарту» атты ұтыс билеті ойнатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT