Жамбылдық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аймақтарынан оралды (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының құтқарушылар тобы су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін СҚО-дан Таразға оралды. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылар тобы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысына жіберілген болатын - олар: жеке құрамының 30 адамы және төрт бірлік техника - су басқан өңірдегі апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарға көмектесті.,
Оларды Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мейіржан Айманов басқарып барды.
«Жамбылдық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында тасқын су басқан Аққайың ауданында, Жұмабаев ауданының Бейнеш ауылында, Тимирязев ауданының Степное кентінде, аудан орталығы - Тимирязевка ауылында төтенше жағдай салдарын жоюға қатысты. Солтүстік өңірде болған кезінде жамбылдық құтқарушылар 111 мың текше метрден астам суды сорғыызып, жағалауларды 800 қапшыққа салынған құммен бекітті, 2 шақырымнан астам арналарды тазартты. Су басқан аймақтардан 18 адамды көшірді», - деп түсіндірме жасады Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Нұрболат Өмірзақов.
Департаментте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, аудандар әкімдері және жергілікті тұрғындар Жамбыл облысы күштерінің жеке құрамына адал еңбектері үшін алғыс айтып, алғысхаттар тапсырғанын атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысынан оралған құтқарушыларды салтанатты жағдайда қарсы алды. Өрт сөндіру қызметі басшысының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғаныс полковнигі Мансұр Шайкрамов сап алдында жеке құрамға төтенше жағдайды жоюда жоғары кәсібилік көрсеткен құтқарушылар тобына зор алғысын білдірді.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
БҚО-да 10 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





