Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 6 үйдің жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгерді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтап, пайдалануға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша қолға алынған шаруалар ауқымды десек, ондағы жамбылдық құрылысшылардың жұмыла жасап жатқан жұмыстары өз жемісін беруде. Нәтижесінде бүгін Жамбыл облысының штабына тиесілі 3-сектордағы 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

"Қазіргі таңда 3-сектор аумағында жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 220 құрылысшысы аянбай тер төгуде. Олар 50 жеке тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалуда. Қираған 3 үйдің екеуі бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі",-дейді Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктай штаб жұмысынан xабар беріп.

Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған.

null

Соңғы жаңалықтар