Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 300 үйді пайдалануға берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласындағы 300 үйді жөндеп, пайдалануға беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген болса, Жамбыл облысына 3-ші сектордағы 11 көшеде орналасқан 312 жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген.
Бүгінде облысқа тиесілі бөліністегі орналасқан 312 жеке тұрғын үйдің 2-уі қайта соғылып жатыр. Қалған 310 тұрғын үйдің 300-інде жөндеу жұмыстары аяқталып, 12 тұрғын үй бойынша қалпына келтіру шаралары атқарылуда.
3-ші сектор бойынша Жамбыл облысынан 4 құрылыс компаниясы, 10 технадзор оның 5-уі Түркістан облысы әкімдігі тарапынан және 500-ге жуық құрылысшы, 20 техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұған дейін Арыс қаласының 423 баласы Жамбылдағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған. Қазіргі таңда арыстық 25 бала жазғы демалыстарын өңір лагерінде қызықты өткеруде.
- Асқар Мырзахметов мектеп ауласындағы дәретхана проблемасын көтерді
- Тараз бірнеше мемлекеттің орталығы болғанын көпшілік біле бермейді- әкім
- Жамбылдық шаруалар қой еті экспортын арттыруға ынталы
- Асқар Мырзахметов Жамбылда жүзеге асатын 108 жоба туралы айтты
-
Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар анықталды
-
Жамбыл облысында 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам