АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Делегация Чикаго қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Оны Qazaq Community Center Chicago қазақ диаспорасының өкілдері ұйымдастырды. Сонымен қатар, іскер әйелдер Хьюстон, Нью-Йорк пен Майамиде болды.
Жоғары қаржылық шығындарды ескере отырып, іскер әйелдер біздің қолөнершілеріміздің өнімдерін өткізу мүмкіндігі және байланыс орнату үшін барлық шығындарды өз мойнына алды.
Жамбылдық шеберлердің бұйымдары қазақ диаспорасының ғана емес, штаттардың өзге де тұрғындарының қызығушылығын оятты. Олар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып жатты.
Сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығының өкілдерімен кездесіп, делегациямыздың мақсаты туралы әңгімеледік», - деді Айгүл Ақшалова.
Мерекелік шаралар барысында жамбылдықтар домбыра тартудан шеберлік сабағын өткізіп, халық әндерін шырқады.