Жамбылдық көліктік бақылау инспекторлары 2 млн теңгеден астам айыппұлды қасақана салмаған
2022 жылғы 4 шілде 18:02

Жамбылдық көліктік бақылау инспекторлары 2 млн теңгеден астам айыппұлды қасақана салмаған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аумағындағы 3 жылжымалы көліктік бақылау бекеті жұмыс істегенімен, ондағы құрылғылар толық көлемде қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтағы Антикорға сілтеме жасап

Заңбұзушылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген сыртқы талдау барысында анықтаған.

«Атап айтқанда, бақылауды қамтамасыз ететін тахографтан ақпаратты оқуға арналған жабдық және телевизиялық бейнебақылау жүйесі мүлдем қамтылмаған.

Бұдан бөлек, кеуде бейнетүсірілім жазбаларын зерделеу барысында кейбір өлшеу нәтижелерінің қорытынды көрсеткіштері жоқтығы анықталған. Яғни шамадан тыс жүктеме фактісін анықтау мүмкіндігінің жоқтығымен қатар, әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу сәттері түсірілмей, тексеру процесстің толықтығы қамтамасыз етілмеген», - деп жазды ведомстводан.

Өз кезегінде, аталған бұзушылықтар көлік құралдарының мобильді таразыларында тексерілген және жүргізілген өлшемдер санын нақты есепке алудың болмауына, сондай-ақ, жауапкершіліктен жалтару мен жекелеген тасымалдаушыларға заңсыз артықшылық көрсету түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге әкеп соғады.

«Мысалы, инспекция қызметкерлерінің өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан тек 2021 жылы инспекция қызметкерлері тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 9-бөлігі және 571-1-баптарымен 34 әкімшілік материал бойынша жауаптылыққа тарту туралы шаралар қабылдамай, 2 246 090 теңгеге айыппұл салмағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Талдау нәтижесінде, Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Д.Кемелов пен 3 қызметкері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметіне толық сәйкестігі еместігі туралы ескеру түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT